• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Сәтті қадам» жобасы түлектерге жұмыс табуға жәрдемдеседі 07.06.2017

 «Сәтті қадам» партиялық жобасы елімізде бес жылдан бері табысты жүзеге асырылуда. 2016 жылы жобаға толықтырулар енгізіліп, жұмысты үш бағыт бойынша жүргізіп келеміз. Бүгін жоба аясында  түлектердің тағылымдамадан өту және ЖОО мен ТжКБ түлектері қатарындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыс бастау алатын болады, – деді Данияр Сүндетбаев.

"Сәтті қадам" жобасына өтініш тапсыру  6 маусымнан бастап  1 шілдеге дейін жалғасады. 

Айта кетейік, 2016 жылы Алматы мен Астана қалаларында жүзеге асырылған бағытқа қатысу үшін 400 өтініш қабылданып, 180-ге жуық түлек 3 ай тағылымдамаға жіберілді. Сондай-ақ, жобаның екінші бағыты бойынша «Жас Отан» жастар қанатының аймақтық филиалдары жүргізген жұмыстың нәтижесі бойынша 200-ден астам кәсіпорынмен келісім-шарт жасалынып, 1640 бала тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.  ҚР Білім және ғылым Министрлігінің деректеріне сәйкес биылғы жылғы  түлектер қатарында 2488 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың ішінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1819 түлегі және жоғары оқу орындарының 699 түлегі білімдерін тәмамдамақ. Биыл да бұл бағыттағы игі жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

 

 

 


Back to the list