06.06.2017
Жарысқа Украинадан, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан, Польшадан, Молдовадан, Белорусиядан және Қазақстаннан барлығы 40-тан астам жедел медициналық жәрдем бригадасы қатысты. Үш күн аралығында командалар кәсіпқойлық және шұғыл медициналық көмек көрсету үздігі атағын алуға сайысты.
ҚР ДСМ хабарлағандай, мұндай жарыстарды жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қызметін жетілдіру, халықаралық стандарттар бойынша жедел медициналық көмек көрсетуде тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
Төрешілер алқасы құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, Украинаның озық ЖОО-ның шұғыл медицина кафедрасының оқытушылары, сонымен бірге европа және АҚШ елдерінің тренерлері кірді.
Жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысын бағалау критерийлері: шақырту орындарында медициналық персоналдардың жұмысын ұйымдастыру, шұғыл медициналық көмек көрсету сапасы мен жылдамдығы, басқа да шұғыл қызметтермен серіктестік ету.
ҚР жедел медициналық жәрдем қызметін үйлестіру функциясын атқаратын Республикалық санитариялық авиация орталығы командасы шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша жоғары кәсіпқойлық деңгейін, өміршеңдікке барынша жақын жағдайлар кезінде мамандар әрекетінің реттілігін, қабылданған шешімдердің жылдамдығы мен дұрыстығын көрсете отырып, жарыс қорытындысы бойынша 1-орынға ие болды.