06.06.2017
Бақытжан Сағынтаев халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізуді тапсырды. Барлық деңгейдегі әкімдерге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету шарттарына жататын отбасылар санатын анықтау жүктелді.
2017 жылдың соңына дейін әрбір аз қамтылған отбасымен олардың еңбекке қабілетті мүшелерін оқыту, еңбекпен қамту, жеке кәсібін ашу бойынша жеке жоспарлар жасауға дейін жұмыспен қамту мәселесін пысықтау қажет. Бұл жұмысты сапалы жүргізу үшін Бақытжан Сағынтаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жергілікті атқарушы органдар және Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкіметтің әлеуметтік көмек форматын өзгерту бойынша жұмысы Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттеріне сәйкес жүргізіліп жатыр. 84 қадамда әлеуметтік көмекті оған шын мәнінде мұқтаж азаматтар үшін ғана оның атаулы сипатын күшейту арқылы оңтайландыру туралы айтылған.