02.06.2017
Қорғаныс министрлігінде хабарланғандай, арнаулы операциялар күштерінің басқару органдарын, құрамалары мен әскери бөлімдерін тексеру барысында әскерлердің басқарылуына, әскери дайындығына баса назар аударылды.
Комиссияның тексеру нәтижесі әскери бөлімдердің жиынтықталуы мен жарақтандырылуын, қару-жарақтың, әскери техниканың және оқу-материалдық базаның міндеттерді орындауға дайындығын толық бағалауға мүмкіндік берді. Жазғы оқу кезеңіне дайындық бөлек зерттелді, әскерлердің әскери дайындығының тиімділігін арттыру жолдары белгіленді. Арнаулы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдері бейбіт уақытта да және соғыс уақытында да уақтылы қолдануға тұрақты дайындық үстінде екенін атап өту қажет.
«Жалпы, арнаулы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдері әскери дайын, белгіленген талаптарға жауап береді», - деп қорытындылады Бас штаб комиссиясы.