• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда «Нұрлы болашақ» акциясы  өтіп жатыр 02.06.2017

«2017 жылдың 20 мамыр мен 15 маусым аралығында Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы өтеді», - деді Б.Асылова.

«Нұрлы болашақ» республикалық акциясының мақсаты: елдің балғын тұрғындарының тұрмыс сапасын қамтамасыз бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, БАҚ-тың күшін біріктіру;әрбір баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын іске асыруға көмектесу; балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау.

«Аталған шараның қатысушылары - 3 миллионға жуық бала: мектепке дейінгі мен мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен студент жастар. Айта кетейік,  республикада 5 387 843 бала 18 жасқа дейін,  оқып жүрген  18 жасқа дейінгі студент жастар  262 932 адамды құрайды», - деді Б.Асылова.

Акцияны іс-шаралары республиканың барлық өңірлерінде: «Бала мен отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы  - адам құқығы», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» «Балалық шақты қорғайтын қоғам» «Табысты болу құқығы» «Өмір мен мансапты жоспарлау» тақырыптық бөлімдер бойынша өткізіледі


Back to the list