• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 3,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған 02.06.2017

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 6 870 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірген. Оның 56,7%-ға жуығы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылды. 2 583 адам жұмысқа орналастырылды, 363 адам - жастар практикасына, 125 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Бұдан бөлек, 1 126 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

Талап етілетін мамандықтар бойынша қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау курстарына 186 адам жіберілді. 

Бүгінгі күні Астананың халықты жұмыспен қамту орталығының дерекқорында 8 523 бос қызмет орнын ұсынуға әзір 1 146 жұмыс беруші тіркелген. 84 жалпы білім беру мекемесінде орталық мамандары кәсіптік бағдарланған іс-шаралар өткізіп, 9 және 11 сынып оқушыларының 11 600 оқушысын қамтыған. 


Back to the list