01.06.2017
Бүгінгі таңда орталық қызметін 700 адам тиімді пайдаланып отыр. Атап айтар болсақ, мұнда жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы бар балалар мен тірек-қозғалысы бұзылған мүгедек жеткіншектер ем-дом алады.
Орталықта педиатр, терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед, орта дәрежелі медицина қызметкері , тәрбиешілер, дефектологтар, әдіскер, логопед және психолог сынды білікті мамандар жұмыс істейді.
Бірегей орталықтағы Монтессори кабинеті балалардың ақыл-ой мүмкіндігін ашып, дамытуға күш салады.Ал,сенсорлы кабинетте психологиялық жұмыс жүргізіп қана қоймай, балалардың ұсақ моторикасын дамытуға негізделген.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 385 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істесе, оның ішінде 7 арнаулы бөбекжай балабақшасы бар.