31.05.2017
Отбасылық ойын-сауық саябағының жалпы аумағы 7190 шаршы метр.
Мұнда көрсетілім үшін үлкен бассейн қойылған, қосымша тағы екі бассейн – карантин және жарғақтабандылар үшін қарастырылыпты, 400 адамға арналған трибуна және мүмкіндігі шектелген жандарға арналған арнайы орындар бар.
Теңіз жануарлары паркінің әртістері 4 дельфин (Афалин түрі) және 3 теңіз мысығымен өнер көрсетеді. 40-тан астам түрлі элемент таңғажайып шоу барысында көрермен назарына ұсынылмақ.