31.05.2017
База репрессия жылдары зардап шегіп, қаза тапқан қазақстандықтардың есімдері сақталған ең толық электрондық ресурсқа айналады. Базада ҰҚК мұрағаттарынан, көп томдық "Қайғы кітабынан" алынған 200 мыңға жуық есім, сондай-ақ республиканың өңірлік мұрағаттарынан алынған деректер болмақ. База нақты уақыт режимінде толтырылып отырады. Ол National Digital History веб-порталында қолжетімді.
Кез келген ниет білдіруші дерекқорды толтыруға қатыса алатынын айта кету керек.
Ол үшін репрессия жылдары зардап шеккен жақын туыстар туралы деректерді kaz.ehistory@gmail.com электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің 1997 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жарияланды. Тарихшылардың деректері бойынша, 1937-1938 жылдары республикада 100 мыңнан астам тұрғын репрессияға ұшыраса, олардың төрттен бір бөлігі толығымен жойылған.