29.05.2017

Отанға адал әрі қалтқысыз қызмет ету үшін бес мыңға жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші ант берді.

Салтанатты шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында өткізілді.
Отан қорғаушыларды өмірлеріндегі атаулы күнмен құттықтауға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің қолбасшылығы, ата-аналары мен туған-туысқандары келді.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кіріседі. Жарты жылдан соң олар артиллерияшы, танкіші, байланысшы, атқыш әскери мамандықтарын алады және толыққанды Отан қорғаушылармен иық тіресе бір сапқа тұрады.

2017 жылғы шақыру науқаны барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына барлығы шақырылым жасындағы 16 мыңнан аса азамат шақырылатын болады.