• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандықтар 11 мыңнан астам жаңа жеңіл автомобиль сатып алған 17.05.2017

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір кезеңінің нәтижелері бойынша ресми дилерлер 11 018 автомобиль өткізген, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңінен 23% төмен. Биылғы жылғы сәуір айының қорытындылары бойынша өткізу (3449 бірлік) өткен жылғы көрсеткіштен 8,9%-ға артта қалып келеді, алайда, 2017 жылғы наурыз нәтижелерінен 27%-ға артқан.

Есепті кезең қорытындылары бойынша қазақстандықтар жаңа жеңіл автомобильдер сатып алуға 272,8 млн доллар жұмсаған, бұл 2016 жылғы ұқсас көрсеткіштен 18,9% артық. Сәуірде нарық көлемі 89,5 млн долларға жеткен.

Төрт ай қорытындылары бойынша өткізілген 7 771 автомобиль (70,5%) импортты құраса, 3 247 сатып алушы (29,5%) қазақстандық автозауыт өнімін таңдаған. 


Back to the list