15.05.2017
«Командаларды қалыптастыруды алдын ала зерттеу қорытындылары бойынша облыстық жиын пункттерінде әскери бөлімдердің өкілдері жүргізеді. Денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды азаматтар психологиялық тестілеуден өтеді және командаларға іріктеледі. Бүгінгі таңда әскерге 396 адам жіберілді. Оның ішінде ҰҚК Шекара қызметіне - 127, Қарулы Күштерге - 253, мемлекеттік күзет қызметіне 16 адам », - деп атап өтті департамент бастығы.
Биылғы жылдың мамыр - маусым айларында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы командаларын 242 адамнан жиынтықтау бойынша жұмыс жүргізіледі.