• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Өрлеу» жобасына қатысушылардың  87%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды 15.05.2017

2017 жылдың алғашқы тоқсанында «Өрлеу» жобасына 48,3 мың адам немесе 8,2 мың отбасы қатысты. Бұл уақыт аралығында оларға 1,7 млрд теңге сомасында шартты ақшалай көмек көрсетілді (республикалық және жергілікті бюджет есебінен). 

Биыл, болжам бойынша, «Өрлеу» жобасына 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Өрлеу» жобасы 2014 жылдан бері Қазақстанның үш өңірінде - Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында пилоттық тұрғыда енгізілді. Жобада әлеуметтік келісімшарт жасаған тұлғаларға шартты қаржылай жәрдем беру қарастырылған. Әлеуметтік келісімшарт аясында өмірде қалыптасқан қиын ахуалдан шығуға байланысты әр отбасыға жеке жоспар жасалады.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап ұқсас өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Мәселен, 2016 жылы, “Өрлеу” жобасына 40 мыңдай адам қатысты. Нәтижесінде жобаның еңбекке жарамды қатысушыларының 90,5%-ы еңбекпен қамтылып, жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астамға өсті.  

Айта кетерлік жайт, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетін атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған.


Back to the list