• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада 40 көпбалалы ана марапатталды 11.05.2017

Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қаладағы 40 батыр анаға Елбасының Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.

«Ғалым да, ақын да, батыр да, дана да анадан туады. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарды құрметтеу бұл біздің перзенттік парызымыз. Ерлермен иық теңестіріп, батырларға тән ерліктерімен аңызға айналған аналарымыз да аз емес.  Сондықтан, батыр ана атанып «барым балам үшін» деген Сіздерді, бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз», - деді қала әкімінің орынбасары.    

Әкімдіктің мәліметі бойынша, мемлекеттік награда табысталғандардың 8-і «Алтын алқа» және 32 - і «Күміс алқа» иеленді. Олардың ішіндегі жасы ең үлкені 80 жаста болса, жас батыр ана 32 жаста.


Back to the list