09.05.2017
Ұрпақтар маршы осымен бірнеше жыл қатарынан ерікті негізде өткізіліп келеді. «Жаужүрек полк» акциясы елорда әкімдігінің және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шараны өткізуге 100-ге тарта ерікті атсалысты.
Айта кетерлік жайт, бұл акция алғаш рет Астанада 2015 жылы өткізіліп, ол кезде шеруге 1500 адам қатысты. 2016 жылы қатысушылар саны 7000-ға дейін артты. Биыл 20 000 адамға жуықтады, олар 1,2 км колоннаға тізіліп жүрді. Бұл қатысушылар саны жөнінен ең ауқымды марш, дейді ұйымдастырушылар.