09.05.2017
Облыс әкімі Даниал Ахметов соғысқа қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.
«Сіздерден үйрену, сіздерге алғыс айтып, қолдау көрсету біз үшін үлкен қуаныш. Біз мәңгі өшпес ерліктеріңіз үшін сіздердің алдарыңызда борыштымыз. Сіздерге және туған-туысқандарыңызға денсаулық, бақыт, амандық тілейміз», – деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, өңір басшысы ардагерлерде қонақта болып, оларға Елбасының атынан сыйлықтар табыстап, бостандық пен бейбітшілік үшін жасаған ерліктері үшін Қазақстан халқының атынан алғыс сөздерін жеткізді.
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, мереке қарсаңында Шығыс Қазақстанның 326 ардагері 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Даниал Ахметов ардагерлерді құттықтап, «Мәңгілік полк» акциясына қатысу үшін Семей қаласына және Көкпекті ауданына келеді деп күтілуде.