• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Таразда ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі 05.05.2017

Қазіргі уақытта Тараз қаласында 68 ҰОС қатысушысы мен мүгедегі, 232 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлері, 128 тыл қызметкері тұрып жатыр. Қала әкімдігінің басшылығы осы адамдардың барлық проблемаларына үнемі көңіл бөледі.          

Мысалы, Жеңіс күнінің 72 жылдығын тойлау қарсаңында қалалық бюджеттен әрбір ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің жеке шотына 150 000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек аударылады, сондай-ақ ҰОС қатысушыларының жесірлеріне – 15 000 теңге, тыл қызметкерлеріне 15 000 теңге мөлшерінде ақша аударылатын болады.

Таразда Жеңіс күнін атап өту ескерткіштерге гүлшоқтарын қоюдан басталады. Қала көшелерінен әскери-патриоттық бірлестіктердің бастамасымен құрылған «Қаһарман ұлт» жалпы республикалық шеруі ұйымдастырылмақ. Іс-шараның мақсаты – Отан үшін ұрыс даласында жан қиған майдангерлерді, сондай-ақ соғыстан оралып, бейбіт өмірде ел дамуына үлес қосып, өмірден кеткен ардагерлерді де еске алу.

Қазіргі уақытта Жеңіс күнін тойлау қарсаңында қаланың барлық кәсіпорындары мен мекемелерінде, оқу орындарында, мектептерінде ерлік сабақтары, кураторлық және сынып сағаттары, дәрістер, ҰОС қатысушыларымен және мүгедектерімен кездесулер, қайырымдылық акциялары өткізілуде.


Back to the list