• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Ұлттық музейінде Жеңіс күніне орай көрме ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ) 04.05.2017

«Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына да 72 жыл өтті. Бірақ, Ұлы Жеңісімізді ұмытпайтымыз секілді, соғыс салған қасірет те, сол соғысқа қатысқан жауынгерлер де ешқашан ұмытылмақ емес және олардың ерлігі бүгінгі жауынгерлердің жүрегіне жігер құяры сөзсіз. Бұл күн, Жеңіс күні – алдағы талай ұрпақтың мерекесі болып қала береді. Бүгінгі музейдегі бұл шара елімізде тойланатын үлкен мерекенің бастамасы ғана», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Леонид Кочетов.

Шара барысында ҚР Ұлттық музей қорынан алынған Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы жәдігерлер, жеке заттар мен фотоқұжаттар көрсетілді.

ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің қызметкері Серік Әбдірахманов жасаған әскери-тарихи миниатюраларының диорамалары халық назарына ұсынылды.

Іс-шараға Астана қаласы ардагерлер кеңесінің өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар, музей қызметкерлері және оқушылар мен студенттер қатысты.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list