• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР  Қарулы Күштерінде  әйелдер кеңесінің жұмысы талқыланды 18.04.2017

ҚР Қорғаныс министрлігі әйелдер кеңесінің өкілдері әскери қызметшілер мен олардың отбасылары тұрып жатқан әскери қалашықтар мен жатақханаларды аралап шығып, назар аудару қажет өзекті мәселелерді атап өтіп, бірқатар кездесулер өткізді.  

Белгілі болғандай,  Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әйелдер кеңесі әскери қызметшілердің отбасыларымен белсенді жұмыс жасайды. Олар әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің моральдық-психологиялық мониторингісін жүргізеді, оларға практикалық көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу бойынша шараларды іске асырады.  

Ретке келтірілген кешенді жүйелі жұмыс шеңберінде Ашық есік күндері, қолбасшылықтың әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесулері ұйымдастырылады. Онда әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы, яғни, әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және  балабақшаға беру сынды мәселелер шешіледі.  


Back to the list