12.04.2017
Ерейментау аудан әкімдігі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға ұсыну үшін Ерейментау қаласында екі үш бөлмелі, екі екі бөлмелі және екі бір бөлмелі пәтерді және Новомариновка ауылында бір үй сатып алды.
Жаңа пәтер иелерінің атынан Арман Жұмашев тағдыр тәлкегіне ұшырап ата- анасыз қалған балаларға көрсетілген қамқорлық үшін алғыс білдірді.
Содан соң, Ерейментау ауданының әкімі жас жерлестерін қоныс тойымен құттықтап, ауданды одан әрі дамыту міндеттерімен бөлісті.