11.04.2017
Кәсіпкерлер несиесі бойынша пайыздық үстемені субсидиялау бойынша жалпы саны 167 жоба субсидияланды (2015 жылғы көсеткішпен салыстырғанда, өсім 19,2%), несие портфелінің соммасы 19,08 млрд. теңге құрады, аймақтар рейтингінде бұл 2-ші орын.
Кепілдендіру тетігі бойынша соммасы 489 млн. теңге құрайтын 60 кепілдеме берілді. 2016 жылы, Филиал осы көрсеткіштермен Республика бойыша 8 орынға тұрақтады. Жалпы, Бағдарлама жүзеге аса бастаған күнен бері Филиал несие портфелі 2 млрд. теңге құрайтын 197 жобаға қолдау көрсетті. Бұл өз кезегінде, Республика бойынша 2 көрсеткіш.
Сондай-ақ, аймақтық қаржыландыру бойынша жалпы соммасы 343 млн. теңге құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, банкте соммасы 157 млн. теңге құрайтын 4 жоба қарастырылуда.
2016 жылы «Даму» қоры және Жамбыл облысының әкімшілігі, туристтік және басқа да салаларда жұмыс істейтін мекемелерді қаржыландыру мақсатында 500 млн. тенңге бөлген болатын. Жылдық пайыз үстемесі 8,5%. Қатысушы-банктер: «Қазақстан Халық Банкі»АҚ , «Казкоммецрбанк» АҚ.
Кәсіпкелерді қаржылай емес қолдау орталығында 10 532 қызмет көрсетілді, 37 бизнес жоба жасалды, 30 жоба банктен несие алуға сүйемелденіп, қолдау алды. Кәсіпкерлерге кызмет көрсету мобильдік орталығы 1742 қызмет көрсетті.