05.04.2017
Оқу-жаттығу барысында қазақстандық бітімгершілер АҚШ пен Ұлыбританияның әскери қызмтешілерімен бірлесе жауапкершілік аймақтарын патрульдеу, блокбекеттерді орнату құралдары бойынша көлік магистральдарын бақылау, тобырды бақылау және келіссөздерді жүргізу, бітімгершілік базаны күзету, жекелеген тұлғалар мен ізгілік жүктерді айдауылдау және ілесіп жүру, миналық учаскелерді залалсыздандыру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету мәселелерін пысықтауда.
Әскери қызметшілермен тәжірибелі қазақстандық, американдық және британдық нұсқаушылардың жетекшілік етуімен теориялық және практикалық сабақтар өткізілуде.
Барлық жоспарланған іс-шараларды сапалы өткізу үшін қажетті инфрақұрылым құрылды. Оқу-жаттығу орталығы шегінде бітімгершілік базалар мен босқындардың елестету лагерьлері өрістетілді.
«Дала қыраны» оқу-жаттығуы 2003 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осындай бірлескен тәжірибенің арқасында қазақстандық бітімгершілік батальонының әскери қызметшілері өздерінің дайындық деңгейлерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Оқу-жаттығудың негізгі фазасы шілденің 22-і мен тамыздың 4-і аралығында «Іле» полигонының аумағында өтеді. Қорытындысы бойынша НАТО елдерінің сарапшылары «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының бітімгершілік миссияларға қатысқаны үшін баға беретін болады.