31.03.2017
Курстың негізгі мақсаты сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқару, олардың жауынгерлік арналымына сәйкес шебер қолдану мәселелерінде рота және батальон командирлерінің дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
Офицерлер жалпыәскери ұрыс және қарулы шиеленіс негіздерін, ұрыста бөлімшелерді қолдану тапсырмалары мен тәсілдерін, қорғаныста жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ерекшеліктерін, қалада және блокбекетте, роталар және роталық-тактикалық топ құрамында, батальонның, қолданылатын қару-жарақ пен әскери техниканың арналуы, құрамы мен жауынгерлік мүмкіндіктерін қорғаныста, шабуылдауда және арнайы әскери іс-қимылдарда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ерекшеліктерін зерделеді.
Оқуға 226 оқу сағаты бөлінді. Бұл ретте практикалық сабақтар 173 сағатты құрады. Оның 34 сағаты түнгі уақытта өткізілді. Дайындықтың қорытындысы жалпыәскери ұрыстың әр түрлерінде әскерлерді жауынгерлік қолдану ережелеріне сәйкес кешенді тактикалық тапсырманың жүргізілуі болды. Рота және батальон командирлері оқу барысында алған білімдерін растап, оқыту пәндері бойынша кешенді емтихан тапсырды. Курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.