16.03.2017
Байқауға 100-ден астам адам Қазақстанның р қаласынан қатысты, Павлодар, Петропавл, Семей, Алматы, Астанадан келген жандар бақ сынады. Денсаулығының мүкісі бар өнерлі адамдар 4 номинация бойынша өнер көрсетті: эстрадалық вокал, би, ыммен ән орындау, «Шекарасыз сұлулық» байқауы.

Шара «Астана ЭКСПО-2017» « Болашақтың энегиясы» аясында ұйымдастырылды.



Байқау бағдарламасын жаңадан қосылған «Шекарасыз сұлулық» байқауының қатысушылары ашты.



Судьялар құрамы 20 вокалистің нін тыңдады. Олар барлық қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті.


Сондай-ақ, фестиваль қатысушылары «Би» жне «Ыммен ән орындау» номинациясында өнер көрсетті.

Биылғы жылы фестиваль төртінші мәрте өтуде. Осы уақытта шараға 150 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Өткен жылы ұйымдастырушылар байқаудың географиясын кеңейтті. Шараға барлық өңірден жиналған тұлғалар қатысты.
Фото: Арман Мұхатов