• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Батыс Қазақстан облысында  еңбекақы көлемі  артты 09.03.2017

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы өнеркәсіпте – 333378 теңге (орташа облыстық деңгейден 2,4 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 896119 теңге (6,6 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 176347 теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 172814 теңге (1,3 есеге), көлік және қоймалау саласында – 161947 теңге (1,2 есеге) белгіленді. 

Ең төменгі атаулы жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс қызметкерлерінде белгіленді – 72582 теңге, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 53,2%-ға төмен және білім беру саласында – 78605 теңге (тиісінше 57,7%-ға төмен). 

Аудандық бөліністе ең жоғарғы жалақы Бөрлі ауданында белгіленді – 356843 теңге, бұл орташа облыстық көрсеткіштен шамамен 2,6 есеге асады. Ақжайық ауданында мұның шамасы 70952 теңгені құрады, бұл облыс бойынша орташа деңгейден 52,1%-ға төмен. 


Back to the list