• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы халқын әлеуметтік қолдауға  1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді 07.03.2017

Экономика және  бюджеттік жоспарлау  қалалық басқармасының  жетекшісі  Мақсат Кикимов айтып өткендей, биылғы жылы  әлеуметтік  аз қамтылған халыққа  1,4 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Оның  20 млн теңгесі  I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арба сатып алу үшін бөлінеді,  500 млн теңгесі  2,5 мың алушыға сурдо-тифлотехникалық  заттарды  алуға бағыттылады.

Сондай-ақ, қаланың мүмкіндігі шектеулі  жандарына жеке қызмет пен гигиеналық қажеттілік,  емделуге қолдау көрсетіледі. Ол үшін бюджеттен 586 млн теңге бөлінеді. Айта кетерлігі,  «Инватакси» қызметіне қосымша  40,9 млн  теңге бөлінеді.

Айта кетейік, биыл  Алматы бюджеті  513,9 млрд теңгеге тең.


Back to the list