22.02.2017
Жеке зейнетақы есебінің саны – 9,8 млн бірлікті құрады, оның ішінде міндетті медициналық салым 9,4 млн есепті, кәсіптік салым 400 мың және өз еркімен салым көрсеткіші 36,5 мың есепті құрады.
2016 жылы БЖЗҚ-ға 698 млрд теңге зейнетақы барлық келісім түрлері бойынша салынды. Өткен жылғы көрсеткішпен өсім 15 пайызды қрап, міндетті зейнетақылық салым 666, 6 млрд теңгені құрады.
Зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2016 жылғы 12 ай ішінде 7,95% болды. Зейнетақы активтері бойынша кірістіліктің қаржы нарығындағы ахуалға және ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының құнына байланысты екенін айта кету керек.
2016 жылғы желтоқсан-қаңтар айларында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 169,69 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар – 22,69 млрд. теңге болды. Салыстырып қарасақ, 2015 жылғы сома 141,12 млрд. теңге және тиісінше 24,23 млрд. теңге болды.
Ақбота Күзекбай