• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Командалық-штабтық әскери ойынға қатысушылар жауынгерлік тапсырмалардың жаңа әдістерін пысықтады (ФОТО) 17.02.2017

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен өткен ойынның сценарийі жасалып, соған сәйкес жедел жағдай қарқын алды. Үйренуші штабтар қысқа мерзім ішінде жаңа практикалық шешімдер қабылдады, ал әскерлердің бас қолбасшылары мен қолбасшылары қауырт жүктелген міндеттерді орындады.

Қорғаныс ведомствасының басшысы қорытындылай келе, командалық-штабтық ойындар өз мақсатына жеткенін, жауынгерлік оқу-жаттығу барысында пысықталған құжаттар Қарулы Күштердің іс-қимылында, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында әрі қарай талданып, қолданылатынын атап өтті.

Командалық-штабтық әскери ойын 2017 жылға арналған Қазақстан Қарулы Күштерінің даярлық жоспарына сәйкес Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында өткізілді. Аталған ойынның негізгі мақсаты жүктелген міндеттерді орындау кезінде әскери басқару органдарының іс-қимыл алгоритмін пысықтау, түрлі стратегиялық бағыттар бойынша әскери іс-қимылды жоспарлау және ұйымдастыру барысында генералдар мен офицерлердің кәсіби деңгейін тексеру болып табылады.

Бұл әскери ойынға Қарулы Күштер түрлерінің әскери басқару органдары, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары мен Аэроұтқыр әскерлерінің офицерлері тартылған болатын. Ведомстваралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мақсатында бас штабтардың, ҰҚК Шекара қызметінің және ҚР Ұлттық Ұланның өңірлік басқару органдарынан өкілдер қатысты.

 


Back to the list