16.02.2017
Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 3 жоба жүзеге асырылды. «ТМЗ Сервис» ЖШС айналымын толықтыруға 150 млн теңге бөлінді. «БЖК-2020» «Өрнек» ШҚ 10 млн теңгеге трактор сатып алуға жәрдемдесті. «Диас» балабақшасына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, Ерейментау ауданында 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы 91 адамды қамтыды. Шағын несиені 31 адам 78,5 млн теңге көлемінде алды.
Ерейментау ауданында 18 отбасы «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысты. Оның аясында жобаға қатысушылар қаржылай қолдауға ие болды.