• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда әйелдерге арналған мобильдік қосымша  пайда болады  (ФОТО) 14.02.2017

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әйелдердің жағдайын жақсарту ісіне ерекше көңіл бөліп келеді.  Соның арқасында Қазақстанда әйелдердің саясатта, бизнесте және қоғамның барлық салаларында әйелдер потенциалын дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған», - деді Раушан Сарсенбаева.

25 жыл ішінде ҚР Парламентіндегі әйелдер өкілдігі тұрақты өсіп келеді. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі – 27,1%, бұл көрсеткіш шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдер өкілдігін 30% қамтамасыз ету мақсатына жақын.

Барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдер өкілдігінің деңгейі сайланған депутаттардың жалпы санының 22,2%-на жетті.

«Ел экономикасының дамуына әйелдердің қатысу үлесі артып келеді. Мәселен, соңғы 10 жылда жылдан әйел жұмыссыздығы 1,6%-ға төмендеген, бизнестегі әйелдердің үлесі 50%-ға дейін өсті. Еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық 67 %-ға жетті», - деді Р.Сәрсенбаева.

Өз кезегінде, әйелдер Мемлекет басшысының барлық бастамаларының сенімді қолдаушыларына айналды, мемлекетте жүргізілетін барлық реформаларға белсенді араласып, өзіндік мемлекеттігімізді құруға маңызды үлес қосып отыр.

 

 


Back to the list