13.02.2017
Аталған жұмыс барысында әскери ведомстваның басшысы биылғы оқу жылының ахуалы мен жауынгерлік даярлық жоспарын орындау барысы туралы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының баяндамаларын тыңдады.
Бұдан өзге, жұмыс сапары барысында Талдықорған гарнизонының кейбір бөлімшелері жоғары жауынгерлік даярлыққа келтірілді. ҚР Қорғаныс министрі олардың техникалық жабдықталуы мен қамтамасыз ету жағдайын тексерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше назар аударды.
Осы сапардың аясында ҚР Қорғаныс министрі Әуе қорғанысы күштері мен 21751 әскери бөлімнің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, онда авиациялық базаның жауынгерлік әзірлігі мен ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірнеше нақты тапсырмалар берді.