13.02.2017
Мәлімет бойынша, Шығыс қазақстанның бірқатар мемлекеттік мекемелері мүмкіндігі шеутеулі адамдардың ыңғайына қарай бейімделмеген. Пандустар бар орындар талаптарға сай емес.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтып өткендей, жағдай осы жылы жөнге келтірілетінін жеткізді.
«Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мектеп-интернатын аштық. Олар қоғамнан алшақтамай, барлығы сияқты білім алулары керек. Біз тек медициналық жағын ғана емес, қозғалу, орын ауыстыру мәселесіне көңіл бөлеміз», - деді аймақ басшысы.
Атап айтсақ, бүгінде облыста 506 әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысаны бар, 362 өз қаражатына бейімделу жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылы қажеттілігі жоғары жандарға 359 нысанды бейімдеп, 503-ін паспорттау жоспарлануда.