• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ғарышкер А.Айымбетов Астананың студенттеріне ғарыш саласының дамуы туралы айтып берді (ФОТО) 07.02.2017

«Жастар – біздің еліміздің болашағы. Жақында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғанын барлығыңыз білесіздер. Жолдауда әлеуметтік маңызды, ғылыми-техникалық дамуға қатысты барлық мәселелер қозғалған. Өз бетінше білім алудың әрбір адам үшін маңызы жоғары екенін атап өткен жөн», - деді тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері.

Кездесу басында Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары туралы фильм көрсетілді, оны ЕҰУ физикалық-техникалық факультетінің қызметкерлері дайындаған.

«Ұшуға дайындық ұзақ әрі ауыр болды. Мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде авиацияда әскери қызмет атқарған едім. Еліміздің шекарасын қорғау міндеттерін орындау қажет болатын», - деді А. Айымбетов.

Атап өту керек, 2003 жылы А. Айымбетов ғарышқа сапарына дайындалуға кірісіп, тек он екі жыл өткен соң – 2015 жылы ғана ғарышқа ұшқан.

«Марс, Ай жөнінде көптеген жобалар бар, әлемнің жетекші ғарыштық державалары Айда ғылыми базалар салғалы жатқаны құпия емес. Олар 2025-2030 жылдары салынбақ. Онда роботтар емес, адамдар – астронавттар, ғарышкерлер жұмыс істейтін болады», - деп бөлісті ғарышкер.

Студенттер де өз сұрақтарын қойды. Бұдан бөлек, Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту және ғарыш саласын дамыту перспективалары жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері талқыланды. Іс-шара «Мәңгілік ел» оқу бағдарламасын іске асыру аясында өткен.

Ақбота Күзекбай

Сурет Арман Мұқатов


Back to the list