07.02.2017
2016 жылдың күзінде Қарулы Күштер қатарына алынған жастар броньдалған техниканың минометтік есептоптары және механик-жүргізуші әскери мамандықтарын үш ай бойы үйренді. Мерзімді әскери қызметшілердің кіші минометші мамандықтарын даярлау бойынша оқу-жаттығу орталығы оларға әскери істің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, әскери қызметтің олар үшін таңсық жағдайларына бейімделуге көмектесті.
«Қысқа мерзім ішінде ағайындылар көп мақсатты жеңіл броньдалған сүйретпенің механик-жүргізуші кәсібін сәтті меңгеріп, тиісті сертификаттарын алды», - делінген хабарламада.