06.02.2017
Универсиада еріктілері 14 мың кандидат ішінен іріктеліп алынды. Бүгінде олардың жұмысын тиісінше шеберлік сыныптары мен дәрістерден өткен 150 үйлестіруші қадағалауда.
«Еріктілер қызметтің әртүрлі салаларында жұмылдырылды, олардың көп бөлігі спорттық шараларға тартылды, алайда баспасөз қызметі, медицина, көлік, бақылау, атлеттік ауыл, көрерменмен жұмыс және мәдени шараларда да жұмыс істеуде.
Еріктілер қозғалысы студенттік ойындардың аяқталуымен тоқтамайды. Бүгінгі таңда «Еріктілер лигасы» қолдауымен 5 мың кәсіптік ерікті дайындалды. Олар ағылшын, командалық білім беру және қалалық саяхаттарды ұйымдастыру курстарынан өтті.