04.02.2017
«Қауіпсіздік – шетелдіктер ел таңдауда сүйенетін басты факторлардың бірі. Алматыда Универсиада қарсаңында қауіпсіздік деңгейін көтеру мен төтенше жағдайларға қарсы әрекет жасау шаралары бойынша ауқымды жұмыс жасалды. Қабылданған шаралар алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын арттыра түсірмек», - делінген хабарламада.
2016 жылы құқықтық тәртіп органдарын материалдық-техникалық қамсыздандыру бюджеті екі есеге артты.
Алматы әкімдігі хабарлағандай, қала үшін қосымша 88 жол-патрульдік автомобиль, 19 ІІм көлігі, жеке құрам үшін 5 автобус, 6 автозак, 1 өрт баспалдағы, 4 өрт мотоциклі, 1 авариялық-құтқару автомобилі, 77 құрылғы кешені мен 1 «ЛАВА» дайындық модулі алынды.