• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанға 33,7 мыңнан астам   этникалық қазақ қайта оралды 26.01.2017

«Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5% - Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9% - Қытайдан, 3,2% - Түрікменстаннан, 2,7% - Моңғолиядан, 3,7% - өзге елдерден оралған қандастарымыз», - делінген хабарламада.

Олардың басым бөлігі, яғни 33,9% - Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4% - Алматы облысына, 10,6% - Маңғыстау облысына, 5,8% - Жамбыл облысына, 24,3% - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.        

Елге оралған қандастарымыздың 65,4% - еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері – 28,6%, зейнеткерлер - 6% құрайды.

Еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,3%-ында орта арнаулы білім бар, 65% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,9%-ның білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыңталандыру мақсатында:этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған. Оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.


Back to the list