• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әуеайлағына жаңа соққы беретін Ми-35М тікұшағы әкелінді (ФОТО) 26.01.2017

Әкелінген тікұшақтар легін пайдалану еліміздегі Әскери-әуе күштерінің ұрыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштар құрамы қайта оқудан өтіп, авиацияға әкелінген жаңа техниканы ұшуда сынап көруге дайын.

Аталған Ми-35М тікұшағының биік ұшу-техникалық сипаттамасы бар, ол жоғары температура жағдайларында мен биік таулардан ұшудан қолдануда жақсы нәтиже береді. Бұл тікұшақ жай және қолайсыз ауа-райында басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты ұрыста тәулік бойы қолдануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ көздеген мақсатына күндіз 10-25 метр биіктікте ұшуды, ал түнде кемінде 50 метр биіктікте ұшуды орындай алады. Ми-35М тікұшағының навигациясы мен электронды индикациясының заманауи кешенмен жабдықталуы осындай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, ұрыс машинасының шабуылдан қорғану кешені мен қосымша опциялары бар. Ми-35М тағы да бір артықшылығы оның құрылысының жетіктігінде, яғни тікұшақ акустикалық белгілерін төмендетіп, ұрысқа шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудегі қиындықтарды төмендете алады. Негізгі соққы беретін қызметтерінен өзге, Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, медициналық қызметкерлермен қоса сырқаттар мен жаралыларды алып жүру үшін пайдаланылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен Рособоронэкспорт кәсіпорнының арасындағы шарт аясында тікұшақтарды жеткізу жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.


 


Back to the list