16.01.2017
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 143,3 мың адамды құрады. Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 12 217 теңгеден 18 877 теңге аралығында құрады.
2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,9 млрд. теңге қарастырылған.