• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО мен Алматы тұрғындарына мобильдік ХҚКО-лар қызмет көрсетеді 11.01.2017

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, бұл жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй жәрдемақыларын және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындауына байланысты. Енді бұл елді мекендердің тұрғындарына электрондық анықтамаларды алу үшін ХҚКО-ға келу міндетті емес.

Жәрдемақыларды ресімдейтін азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп жүрмеулері үшін мобильдік ХҚКО мамандары Түркістан және Бәйдібек аудандары әкімшіліктерінің ғимараттарында, сондай-ақ Сарыағаш қаласының 20/20 әскери бөлімшесінде таңғы сағат 9-дан бастап кешкі 8-ге дейін қызмет көрсететін болады.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғылықты жеріне уақытша тіркеуден өтуге келуші азаматтардың ағыны байқалады. Десек те, жергілікті әкімшіліктерде жәрдемақы ресімдейтін азаматтар жыл сайын осы уақытта мекенжай анықтамаларына және жылжымайтын мүлік жоқтығы жайлы анықтамаларға келетін. Мобильдік ХҚКО-лар халық көп шоғырланған аймақтарға азаматтарға ақпараттық анықтамаларды алу жолын жеңілдету үшін жіберілді», - деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияда.

Сондай-ақ мобильдік ХҚКО ақпараттық анықтамаларды беру үшін Алматыдағы тұрғылықты жеріне уақытша тіркелуге келген азаматтар саны көп деген халыққа қызмет көрсету орталықтары маңына да орналастырылды. Мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды Алатау және Түрксіб аудандарының фронт-офистерінің келушілеріне беруде. 


Back to the list