10.01.2017
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 2016 жылы 438,1 мың азаматқа бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 32,3 млрд. теңге жұмсалды.
Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді.
2017 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 32,4 млрд. теңге қарастырылған.