• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
193 ақтөбелік отбасы әлеуметтік  көмек алды 06.01.2017

Құрылған қордың негізгі мақсаты – көп балалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

19 қарашада өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы өткізіліп, оның барысында 1000-нан астам ақтөбелік отбасыға 50 млн теңге көмек көрсетілді.

Осы шараның жалғасы ретінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласы мен барлық аудандардан 193 мұқтаж жандарға «Парыз» қорынан 23,9 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, осы көмек аясында Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылының тұрғыны Нагиев Рахат ақсақалға  тұрғын үйін жөндеуге  503,0 мың теңге қаражат  берілді. Жөндеу жұмыстарын Ақкемер ауылдық округ әкімдігінің  жетекшілігімен  «Қайрат» ЖШС  іске асырады.

Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласының тұрғыны, жетім балалар үйінің түлегі - Әмір Жағабаевқа  пәтер беріліп, осы пәтердің  жөндеу жұмыстарына  қаражат ұсынылды.

Ондаған отбасылар ҚР емханаларда емделуге, отын алуға, үйлерге көгілдір отын кіргізу үшін материалдық көмек алды.

29 желтоқсанда ҰОС қатысқан 100 ардагер және мүгедек жандарға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Демеушілік көмек көрсету жұмыстары облыс бойынша жалғасады.

 


Back to the list