05.01.2017
« 2017 жылы учаскелік полицейлер үшін тағы да 40 автомобиль сатып алынады. Қалалар мен аудандардың әкімдері учаскелік инспекторларды тұрғын үймен қамтамасыз етумен айналысса, осы жылы біз тірек елді мекендерде учаскелік полицейлер үшін екі пәтерлі үйлердің құрылысын бастаймыз. Сіздерден нақты жұмыс нәтижесін күтеміз». , - деді Болат Бақауов.
Аймақ басшысы қазіргі кезде ішкі істер департаментінің ғимаратында орналасқан жедел басқару орталығын да жеке ғимаратқа көшіруді ұсынды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы медициналық айықтырғышта орын жетіспейтіні анықталды.
«Орталықта 24 жатын орын бар. Сондықтан жатын орындардың санын 60-қа дейін көбейтуді немесе азаматтарды айықтырғыштан үйлеріне жеткізу жолдарын қарастыру қажет», - деді облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Юрий Колесников
Полицейлер айықтыру процедурасын облыстық наркологиялық диспансерде жүргізуді ұсынды. Юрий Колесниковтың айтуынша өңірлік денсаулық сақтау басқармасы олардың ұсыныстарын қолдап, қазіргі кезде тиісті жоба әзірленіп жатыр.