• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша 20 минутта тіркеле алады - Сәрсенова 04.01.2017

Осы ретте тіркелетін адамның және тұрғын үй иесінің қатысуы немесе сенімхат қажет.

"Қолданыстағы заңнама азаматтардың тұрғылықты жері бойынша міндеттерін көздейді. Мұндай міндет «Халықтың көші-қоны туралы» заңда белгіленген. Тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген», - деп атап өтті Г. Сәрсенова.  

Бұл ретте пәтер иелерінің азаматардың тіркеусіз пәтерлерінде тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі енгізілген (493-баптың 5-,6-б.). «Мұндай қадам «резеңке пәтерлер» проблемаларын шешуге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге тіркеусіз тұру проблемасын шешеді деп сенеміз»,- деп айтты Г. Сәрсенова.

Азаматтарды тіркеудің басты мақсаты – ішкі көші-қон процестеріне мониторинг, аумақтардың мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде әрбір елді мекен санын білу үшін есеп жүргізу. Осы есептердің негізінде жұмыс орындарын құру, мектеп, аурухана салу, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланады.

Салық, әскери және өзге де есептер жүргізілетін заңды мекенжайлары  олардың тіркеу орны болып табылады.

Бұл ретте, тіркеу институты еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді және оның халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Тұрғындардың есебін жүргізудің осындай және басқа да түрі көптеген мемлекеттерде әлеуметтік және экономикалық саясатты жоспарлауға негіз болатындай етіп жүргізіледі.


Back to the list