• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанға Су-30СМ жойғыштарының партиясы келіп түсті (ФОТО) 27.12.2016

Өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша бүгінгі таңда әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің шыңында әуе құрастыру саласындағы 5-ші үлгідегі ұшақтарға шындап жақындатылған.  

Ұшақ қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орындауға қабілетті. Су-30СМ  әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған.  

«Аталмыш жойғышты ойдағыдай меңгеру үшін техниканың қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті игерді. Бұған дәлел ретінде бірқатар оқу-жаттығуларға  қатысуын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жеткізілуі  жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті.

Су-30СМ ұшақтарының алғашқы партиясы Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде келіп түскенін естеріңізге сала кетейік.

 


Back to the list