• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында 15 отбасы  2,1 млн теңгенің  көмегіне ие болды 10.12.2016

Ақтөбе облысында Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған  қайырымдылық акция әлі де жалғасуда. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  Алға ауданына жасаған  жұмыс  сапарында  15 аз қамтылған отбасыға  100, 150 және 200 мыңдық ақшалай сыйлық сертификатын табыстады.

Облыс әкімі  қайырымды іске үлес қосқан кәсіпкерлерге алғыс айтты.

«Қайырымдылық акцияға белсенді қатысып жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамын. Сіздер жақсылықпен қайтарылатын қайырымды іс жасап отырсыздар. Мен барлық бизнес өкілдері тағы бір мәрте осы акцияға қатысуға шақырамын. Тәуелсіздіктің  25 жылдығында әрбір қазақстандық қолдау мен қамқорлыққа ие болуы керек», - деді әкім.

 


Back to the list