10.12.2016
Салтанатты шарада 44 кезекте тұрушы жер учаскесін 2 жыл мерзіміне жалға алу құқығына ие болды. Осы уақыт аралығында олар үй салып, пайдалануға беру керек.
Қала әкімінің орынбасары Сағындық шабаров кеңес төрағалығында аталмыш оқиға Мемлекет басшысының ЖТҚ аясында жағдай жасау тапсырмасына орай жүзеге асырылғанын айтты.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 млн теңге мемлекеттік бюджеттен инженерлік жүйені жүргізу үшін бөлінді. Биылғы жылы облыстық және республикалық бюджеттің қаражатына 8 км суық сумен қамту және 10 км электрмен қамту жүйесін қалыптастыру жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, ең жақын арадағы жоспар бойынша атқарушы билік ЖТҚ бойынша учаскелер бөлу қарастырылған.