• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында 74,3 млн теңге сомасына 9 бизнес жоба қаржыландырылған 25.11.2016

Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарлағандай, 10 жұмыс күні ішінде 33 мыңнан астам ауыл тұрғыны 584 іс-шарамен қамтылған. 1,7 мың адам әр түрлі көмек алған.

«Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы аясында 53 адамға көмек көрсетілген. Атап айтқанда, Әйтекеби ауданында аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасыларға отын және шөп берілген. Мәртөк ауданында әлеуметтік дүкен ашылып, онда аз қамтамасыз етілген 16 отбасына балаларға арналған киімдер, аяқ киімдер және ойыншықтар берілген.

Мәртөк, Ойыл және Әйтекеби аудандарында 10 жұмыс күні ішінде 4 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылып, 35 адам жұмысқа орналасуға жіберілген. 

Бұдан бөлек, әкімдіктің ақпараты бойынша жұмыс топтарының сарапшылары ауылды жерлерде бизнес ортаны дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. 


Back to the list