22.11.2016
Тұңғыш Президент кітапханасында "Волонтер-2016" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың басты мақсаты - үздік волонтерлік ұйымдар мен жобаларды, сондай-ақ 2016 жылғы ерікті қызметі үшін волонтерлердің өздерін іріктеу және марапаттау.
Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінен үш номинация бойынша 150 өтінімнің ішінен таңдалған болатын. Жалпы сыйлық қоры үш номинацияда 360 000 теңгені құрады. 1-орын үшін - 50 000 теңге, 2-орын үшін - 40 000 теңге, 3-орын үшін - 30 000 теңге.
Байқау комиссиясының шешімімен І орынды - Аружан Құрымбаева, II орынды - Сымба Рамадинқызы және III орынды Азиза Гүлмұратова жеңіп алды.
«Біз барлық волонтерлерді осы жұмыста жеңімпаздар деп санаймыз. Олардың барлығы шын жүректерімен жұмыс істеді. Әрқайсыларыңыз мақтауға лайық жандарсыздар", - деп қосты ведомство басшысы.