08.11.2016
Қарулы Күштерде «Құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру. Дағдарыстық ауданға қайта топтасуды ұйымдастыру. Арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу» тақырыбында ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерімен кенеттен оқу-жаттығу басталды.
Тексеріс шеңберінде лектердің құрылу ауданына әскери техниканың шығуы жүзеге асырылды. Әскерлер әскери полигондарға ұзақ қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен жорыққа шығады.
Оқу-жаттығуға 5000-ға жуық әскери қызметші, шамамен 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 20-дан аса бірлік ұшақ пен тікұшақ тартылды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу, әскер тектерінің бөлімдері мен құрамалары арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ, арнайы әскери операцияны жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіру жөнінде тапсырмаларды орындауға басқару органы мен әскерлердің жай-күйін тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу қарашаның 7-і мен 11-і аралығында өтеді.